RRO BONO тұғырнамасымен жұмыс істеу ережелері

Pro Bono тұғырнамасы заң көмегін көрсету сапасын бақыламайды, алайда Өтінішкер мен заң кәсібінің өкілі (бұдан әрі – Серіктес) арасында тиімді байланысты орнатуға жағдай жасайды.

Тұғырнама тек қана заң кеңестерін көрсетеді.

RRO BONO тұғырнамасына өтінім беру ережелері

  1. Өтінімді беру алдында Pro bono қызметін алу ережелерінің (http:/pro-bono.kz/admin) мәтінімен жан-жақты танысып алыңыз.
  2. Өтінімнің барлық бөлімдерін толығымен толтырыңыз.
  3. Өтінімге құжаттарды қоса тіркемеңіз, тек Сізде бар құжаттардың тізімін (атауын), сот актілерін (тек көшірмелерін) ғана атап көрсетіңіз.
  4. Қажет болған жағдайда мәтін бойынша ескертулерді пайдаланыңыз.
  5. Көмек алуға өтінімдер тек «Pro bono тұғырнамасы» онлайн ресурс арқылы ғана қабылданады. Егер өтінім толтырылмаса, өтінім электрондық пошта арқылы, әлеуметтік желінің мессенджерлері арқылы, тапсыру туралы хабарламалы тапсырыс хатымен жіберілсе, сайттың құзыретіне сәйкес келмесе, Үйлестіруші қабылдамауға құқылы.
  6. Егер сіз онлайн өтінімді толтыра алмасаңыз, нұсқаулықты ұсынатын және өтінімді толтыруға көмектесетін Pro bono тұғырнамасының Үйлестірушісіне жүгініңіз. Сізге өтінім бойынша одан әрі жұмыс туралы жауап алу үшін электрондық поштаңыздың мекенжайын ұсыну керек.
  7. Үш жұмыс күні ішінде Үйлестіруші Сізге Pro bono талаптарында тегін заңгерлік көмекті алуға құқығыңыздың бар-жоғын хабарлайды.
  8. Өтінімді келісімдеген жағдайда, ол Тұғырнаманың серіктестеріне танысу және одан әрі жұмыс істеу үшін жіберіледі. Үйлестіруші Сізді қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
  9. Үйлестіруші Сізді Pro bono заңды серіктесімен сіздің байланысыңыз туралы ақпараттандырады. Әрі қарай байланыс және жұмыс қабылданған өтінімнің негізінде Сіздің және Серіктестердің арасында тікелей жүзеге асырылады.
  10. Pro bono Үйлестірушісі электрондық өтінімді алғандығын электронды мекенжайға тиісті хабарламамен растайды. Электрондық өтінімді жіберген кезде толтырылған өтінімді басып шығарыңыз, оған қол қойыңыз және күнін қойыңыз, содан кейін оның фото- немесе сканер- көшірмесін жасаңыз және әрі қарай жұмыс істеу үшін Тұғырнаманың Серіктесінің электрондық мекенжайына жіберіңіз.
  11. Егер сізде Pro Bono Тұғырнамасы Серіктесінің өкілімен байланыста мәселелер туындайтын болса, сіз Үйлестірушіні осы үшін кез келген байланыс арнасын – электрондық поштаны, ватцапты таңдап, ақпараттандыра аласыз.

Өтінішкерлердің құқықтары мен міндеттері

  1. Тұғырнамада өтінімді толтыра отырып, өтінішкер көрсетілген деректердің шынайылығына және толықтығына кепілдік береді;
  2. Тұғырнама Үйлестірушісіне хабарлауға және өтінімді алғаны туралы ақпаратты нақтылауға құқылы;
  3. өтінімді тексерудің нәтижесі туралы білуге және қандай қосымша ақпарат қажет екенін анықтап алуға құқылы;
  4. Тұғырнамаға көмек алу үшін 6 айда 1 реттен көп емес жүгінуге құқылы;
  5. Бір мәселе бойынша Тұғырнамаға бір өтінім беруге құқылы;
  6. Тұғырнаманың серіктесімен жұмысты аяқтау нәтижелері бойынша өтінішкер нәтижелер туралы үйлестірушіні ақпараттандыруға міндетті.
  7. Істің аяқталуының нәтижелері бойынша өтінішкер Pro Bono тұғырнамасына оған құқықтық қызметтерді көрсеткен Серіктестің жұмысы туралы пікірді жібере алады. Пікірде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңының талаптарын сақтаумен өзінің деректерін және Серіктестің деректерін жазу керек.

Pro Bono тұғырнамасының құқықтары мен міндеттері

  1. 3 жұмыс күнінен кешіктірмей өтінішкердің электрондық мекен-жайына өтінімді алғаны туралы растаманы ұсынуға міндеттенеді;
  2. Pro Bono-ның бекітілген өлшемшарттарына сүйене отырып және теңдік пен әділеттілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, алынған өтінімдерді бағалауға міндеттенеді;
  3. келесі жағдайларда өтінішті қабылдаудан бас тартуға құқылы:
    • істің мәнінің немесе өтінішкер тұлғасының Pro Bono Тұғырнамасының өлшемшарттарына сәйкес келмеуі;
    • Тұғырнаманың Үйлестірушісі бір өтінішті бірнеше рет берген жағдайда өтінішкерге бас тартуға құқылы;
    • егер іс өтінішкерге тікелей қатысты болмаса, олардың өкілдерінде белгіленген нысанда сенімхаты болатын жағдайларды қоспағанда;
    • сауалнамада көрінеу жалған мәліметтерді ұсыну.

Pro Bono тұғырнамасында өтінімдерді қабылдау бойынша шектеулер

  1. Үйлестіруші, Өтінішкер істер бойынша тегін құқықтық көмекке үміттенетін өтінімдерді қабылдаудан бас тартуға құқылы:
    • еңбек дауы – қызметкердің (қызметкерлердің) және жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс берушінің актілерінің талаптарын, Еңбек кодексінің салдарынан даулардан туындайтын, орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша келіспеушіліктері;
    • егер өтінішкерде әлдеқашан қорғаушысы (адвокаты) бар болса, кеңес беру ұсынылмайды;
    • салық мәселелерімен немесе зейнетақылық қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты;
    • әлеуметтік (діни, нәсілдік, саяси және т.б.) жанжалдың пайда болу ықтималдығы болатын;
    • апелляциялық және (немесе) кассациялық шағымның қажеттілігі болған жағдайда;
    • сот шешімдері, үкімдер, азаматтық және қылмыстық істер, зейнетақы төлемдерін дұрыс емес есептеу бойынша шағымдану;
    • ұйымдардың шаруашылық қызметіне байланысты (қаражатты, өсімпұлдарды, айыппұл санкцияларын өндіріп алу);
    • азаматтық іс жүргізу шеңберінде ұйымдар мен тұлғалардың кәсіпкерлік қызметімен байланысты;
    • сондай-ақ мемлекетпен кепілдік берілген заң көмегіне құқығы бар тұлғаға өтінімді қабылдаудан бас тартулы мүмкін.
  2. Pro Bono Үйлестірушісінің қабылдамауы тұжырымды болып табылады.
  3. Сотта өкілдіктің көмегін алу қажеттілігі болған жағдайда, Тұғырнама құқық қорғайтын қоғамдық ұйымдардың қатарынан Серіктестерге және мемлекетпен кепілдік берілген заң көмегін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өкілдеріне немесе адвокаттарға кешендік әлеуметтік заң көмегін көрсету үшін сұрату жібере алады.
  4. Өтінім мен оның мазмұны Pro Bono тұғырнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, ол Pro Bono Тұғырнамасының Серіктестері қол жеткізе алатын ресми Pro Bono тұғырнамасында орналастырылады. Олар істерді таңдайды және Pro Bono талаптарында, өз еркімен және өзінің ой-пікірлеріне сүйене отырып, кеңес береді.
  5. Өтінімнің Pro Bono Тұғырнамасының белгіленген өлшемшарттарына сәйкестігі және оны Тұғырнама Қатысушыларына танысу үшін жіберу Pro Bono талаптарында құқықтық көмекті ұсынуға кепілдік бермейді, өйткені оны ұсыну туралы шешім толығымен Тұғырнаманың Серіктестеріне байланысты болады.
  6. Істі қарау барысында туындайтын қаржылық шығындарды (көліктік, ұйымдастырулық, іс қағаздарды рәсімдеу) Өтінішкер өз бетінше шешеді.

Ескерту: «URANKZ» РҚБ сайтының иесі Серіктеспен келісімдеу бойынша осы Ережелерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы.