Pro Bono қызметін қалай қолдануға болады?
- Pro Bono Платформасының сайтына кіріңіз – pro-bono.kz
- Өтінім беру ережелерімен танысыңыз және «Платформа ережелері» рубрикасында қарастыру мерзімін көріңіз.
- Міндетті түрде өтінім берудің барлық бөлімдерін толтырыңыз. Ыңғайлы болу үшін арнайы көмекті қолдануыңызға болады.
- Міндетті түрде жеке басыңызға қатысты ақпаратты көрсетіңіз (телефон нөміріңіз, электрондық пошта адресіңіз)
- Платформаның координаторы өтінімді қарастырып шығады. Егер қажет болса, қосымша ақпаратты анықтау үшін сізбен хабарласуы мүмкін.
- Ақпаратты қарастырып болғаннан кейін Платформа координаторы Pro Bono шарттары негізінде сіз тегін құқықтық көмекке құқыңыздың бар-жоғын мәлімдейді.
- Өтінімге келісім алғанна кейін Сіздің байланыс нөмірлеріңіз Платформа әріптесіне беріледі (адвокат, заңгер, адвокаттық компания)