Pro Bono платформасы шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандум

Біз, Pro Bono платформасының құрылтайшылары «URANKZ» Республикалық қоғамдық бірлестігі бірінші тараптан және заңгерлер, адвокаттар, заң компаниялары мен басқа да заң мамандығының өзге де өкілдері, сол сияқты қоғамдық ұйымдардың, қайырымдылық қорлар мен ассоциациялардың өкілдері (бұдан әрі – Серіктестер) екінші тараптан «Плафторма Pro Bono» онлайн ресурсында өзара тиімді серіктестікке келісім беретінімізді растаймыз.

Pro bono платформасының қызметінің мақсаты Қазақстан азаматтарын заң тұрғысынан қорғау, тараптар арасында екеуара серіктестік қарым-қатынас қалыптасуын және оны дамыту болып табылады.
Біз, осы Меморандумға қол қоюшылар, Pro Bono платформасының ережелерін сақтауға және қоғам (Pro Bono) игілігіне тегін құқықтық қызмет көрсету дәстүрін жалғастыруға міндеттенеміз.

Pro Bono платформасы төмендегілерге міндеттенеді:
1. Қазақстанда және одан тыс Pro Bono саласында қызмет етуші заң мамандары мен қоғамдық сектордың барлық өкілдеріне жағдай жасау және олардың өзара тиімді диалог құра алуына мүмкіндік тудыруды қолдау.
2. Өз мүмкіндіктері шеңберінде кәсіби орта мен жалпы қоғамды Pro Bono заң қызметін көрсету қажеттілігі және оның маңыздылығы туралы ақпараттандыру.
3. Қоғамдық мүдделерді, еліміздің азаматтарының құқығы мен қызығушылықтарын қорғауға заң саласының өкілдерін тарту үшін Pro Bono заң көмегін көрсету тәжірибесін дамыту арқылы тегін құқық қорғау қызметін қолдау және оны көтермелеу.
4. Өз мүмкіндіктерінің шеңберінде осы Меморандумға қол қойған Серіктестердің алдын ала келісімін ала отырып және өз мүмкіндіктерінің шеңберінде Pro Bono саласындағы қызметтерін жарыққа шығару.
Біз, Серіктестер, осы Меморандумға қол қойдық және төмендегі міндеттерді мойнымызға аламыз:
1. Pro Bono платформасында еш сыйақысыз, тіпті оны дәметпей сапалы және адал құқық қорғау қызметін көрсету.
2. Жұмыс істеуге берілген істердегі қызығушылықтардың қайшылықтары туралы Pro Bono платформасының үлестірушілерін (координаторларын) уақтылы ақпараттандыру.
3. Pro Bono қызметін көрсету саласында өзара қарым-қатынас пен серіктестікті дамыту.

Нұр-Сұлтан қ. адвокаттар алқасының төрағасы Б. Билялов

«URANKZ» РҚБ төрағасы Ф. Каменов