Біз туралы
Pro bono платформасы деген не?
«Pro Bono» қызметі деген заң саласының кәсіби мамандары тарапынан «әлеуметтік қайырымдылық» дегенді білдіреді. Қызметтің ауқымды деңгейде болуының себебі – нәтижесінде еліміздің толық пісіп жетілуін қамтамасыз ету, ол елде тек мемлекет емес, бизнес те тегін кәсіби көмек форматында қоғамның дамуына өзінің әлеуметтік үлесін қосады.
«Pro Bono платфоормасы» – Республикалық қоғамдық «Уран» қозғалысы жасаған әмбебап онлайн ресурс, оны заң қызметінің өкілдерімен серіктесе отырып құқық қорғау ұйымдары қолдады.
Бір ғана онлайн ресурста заң қызметінің негізгі провайдерлері берілген. Негізгі тапсырма – Қазақстан Республикасының тұрғындарына уақтылы және тиімді құқықтарын қорғауға байланысты көмек көрсету.
Pro Bono платформасының міндеті:
- Тұрғындардың осал бөлігіне кәсіби және уақтылы құқық қорғауға қатысты консультация берілуін қамтамасыз ету;
- Кәсіби құқық қорғауға қатысты көмекті қолжетімді және қарапайым ету;
- Құқық қорғау өкілдерінің өзара тәжірибемен бөлісуіне ықпал ету;
- Қазақстан Республикасы тұрғындарының өз құқығын қорғауға қатысты сауаттылықтарын көтеру.
Pro Bono қызметіне жүгіне алады?
Pro Bono көмегіне аз қамтамасыз етілген азаматтар немесе бірінші кезекте қаржылық мүмкіндіктері шектеулі адамның құқығын қорғауға қатысты істерді қозғаған қайырымдылық, мемлекеттік емес және білім беру ұйымдары жүгіне алады.
Pro Bono қызметін кім көрсетеді?
Құқық қорғауды заң мамандығының өкілдері – заңгерлер, адвокаттар, қоғамдық құқық қорғау ұйымдарының өкілдері (бұдан әрі – Серіктестер) жүзеге асырады. Тапсырыс беруші мен Серіктеспен тікелей жұмыс істейді, оған платформа кординаторлары араласпайды.
Ұйымдастырушылар (координаторлар) құқық қорғау көмегінің сапасын бақыламайды, алайда Тапсырыс беруші мен заң қызметінің өкілдерінің өзара тиімді қатынас жасауына ықпал етеді (егжей-тегжейлі Платформа ережесінен біле аласыз – гиперсілтеме жасау керек). Платформа тек құқықтық консультация береді.